Басты бетЖаңалықтарАлматыдан 275...

Алматыдан 275 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 28 ақпан күні сағат 07.17-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,9. MPV магнитудасы — 4.4. Координаттары 41,16°с.б. 78,78° ш.б. Тереңдігі — 5 км. Сезілгіштігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында — жоқ.