«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қазақстандықтарға eGov жұмысында ақаулар болуы мүмкін екені туралы ескертті.
Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі, — делінген хабарламада.
Осы уақыт аралығында келесі жобалар:
- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
- egov mobile мобильді қосымшасы;
- «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;
- және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.