Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.
Министрліктің мәліметінше, биыл қазақстандықтарға 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге, — делінген хабарламада.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 343 мың адам.
Биыл республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды, — делінген хабарламада.