Басты бетЖаңалықтарЕлімізде мобайл...

Елімізде мобайл аударымдар 30%-ке жуық қысқарды

Ұлттық банктің статистикалық деректері бойынша, қаңтар айында елімізде мобайл аударымдар арқылы жасалатын төлем көлемі шамамен 30%-ке қысқарды. Бұл туралы банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Біз тіпті кейбір нүктеде қолма қол валютаны қосымша нығайтуымызға тура келді. Өйткені, бастапқыда адамдар қолма қол ақшаға жүгірді. Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан түсіндірулер, кеңестер берілгеннен кейін жағдай тынышталды және алдағы уақытта да тыныштала береді. Өйткені, мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. Қолма қол ақшасыз төлем деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз, — деді Тимур Сүлейменов брифиңде.