Ұлттық банк Қазақстанда базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық банк Қазақстандағы базалық мөлшерлеме туралы шешімін жариялады.

Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75%-ке дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 12 сәуірде Астана уақытымен сағат 12.00-де жарияланады.