2024 жылғы 22 ақпанда таңғы сағат 6.00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар 28 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
- Абай облысы – алты тасжол, жалпы ұзындығы 1 841 шақырым (температураның төмендеуі — 30 градус);
- Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 41 шақырым бір автожол. (Павлодар облысында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты);
- Шығыс Қазақстан облысы — жеті учаске, жалпы жол ұзындығы 1 238 шақырым (ауа температурасының — 45°С дейін төмендеуі, қар көшкіндері);
- Қарағанды облысы – үш тасжол, жалпы ұзындығы 265 шақырым. (Абай және Павлодар облыстарында ауа температурасының төмендеуі);
- Қостанай облысы – бір тасжол, жалпы ұзындығы 83 шақырым. (Ұлытау өңіріндегі ауа райының нашарлауына байланысты);
- Павлодар облысы – жалпы ұзындығы 1 624 шақырымды құрайтын тоғыз автомобиль жолы (ауа температурасының төмендеуі);
- Ұлытау облысы – жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожол (қатты жел, ауа температурасының төмендеуі);
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бүкіл желісі бойынша шектеу қойылды — 5 207 шақырым немесе бүкіл желінің 20,83%-і жұмыс істейді. Қызіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 223 техника мен 233 адам жұмылдырылды, — делінген хабарламада.