Елімізде жайлы мектептердің қай өңірлерде көп салынатыны белгілі болды. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаждаров ұлттық компанияда өткен қоғамдық кеңес барысында айтты.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де жүзеге асырылады. Жайлы мектептердің қай өңірлерде және қанша мектеп салынуы керектігін оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Айта кетсем, 369 жайлы мектептің 169-ы (44%) ауылдық жерлерде салынады, — деді Ғабит Малғаждаров.
Спикердің айтуынша, жайлы мектептердің көбі Түркістан облысы (63 мектеп), Алматы облысы (53), Маңғыстау облысында (23) және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қаласында салынады.