Ананди қазақстандық екі сериалға түсті

Жақында Астана телеарнасында «Қош келдіңіз» сериалы жарыққа шығады. «Келін» сериалында Анандидің рөлін сомдаған Авика Горды осы телехикаядан көре аласыздар.

Сонымен қатар, үнді актрисасы Берік Тұрсынбековпен бірге “Күлпәштің хикаялары” түсіріліміне қатысыпты.

Инстаграм желісінде Авика Гордың бірнеше отандық бағдарламаға түсіп, қазақстандық жанкүйерлермен кездескен сәті жарияланды.

Авика Гор

Еске сала кетейік, үндінің «Келін» телехикаясында басты рөлді сомдаған Авика Гор (Ананди) бұған дейін де Қазақстанға келді. Ол ұлттық арнадағы «Таңшолпан», «Түнгі студия», «Әйел бақыты» сынды бағдарламалардың қонағы болған.

ДереккөзBaq.kz