Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау орындарында доллар қымбаттап, рубль арзандады

Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап, рубль арзандады

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449–453 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,1–451,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 449,5–453,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 20 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,87 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83–4,90 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,86-4,91 теңгеден сатылып жатыр.