Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық сейсмологтар...

Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді

19 ақпанда Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 605 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1. Магнитудасы MPV 4.7.
  • Эпицентр координаттары – 41.98 с.е., 84.08 ш.б. Тереңдігі – 10 км.
  • Қазақстан аумағында сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.