Елордалық өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Сағат 08.44-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал көшесіе шұғыл шақырылды, — делінген хабарламада.
Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 шаршы метр.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының үш адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.