Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Сейсмологтар Қытай мен Ауғанстан аумағындағы жер сілкінісін тіркеді

Фото: Depositphotos.com
18 ақпанда Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі екі рет – Қытай мен Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді.

Сағат 14.59-да тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8. Магнитудасы MPV 4.6. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ, — делінген Алматы қаласы ӘҚҰ кезекші операторының хабарламасында.

Сағат 17:20-да тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1 110 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. Магнитудасы MPV 5.3. Тереңдігі 35 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ, — делінген Алматы қаласы ӘҚҰ кезекші операторының хабарламасында.

Exit mobile version