Семейде жаппай апат болып, қаланың барлық ауданында жарық өшіп қалды. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.
Сағат 13.30-да «KEGOC» АҚ желілерінде электр қуатының үзілуі салдарынан Семей қаласында да жарық өшті. Сағат 13.45-те электр қуаты қайта берілді, — делінген хабарламада.