Басты бетЖаңалықтарАлматыда коронавирус...

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл қалада коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14%-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

Кейінгі жеті күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ке өсті. Алдыңғы жеті күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді, — деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Эпидемиолог коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі — вакцинация екенін еске салды.