Алматыда Алтынсарин даңғылында №95 бағыттағы автобус өртенді. Төтенше жағдай бүгін, 15 ақпан түскі сағат 12.38 шамасында болған.
Бұл туралы төтенше жағдай департаменті хабарлады.
ТЖД мәліметінше, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.
Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін № 95 бағыттағы автобустың жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген. Салонда жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ, — деп хабаралады департаменттен.