Алматы тауларында тоғыз қар көшкіні жүрді

2024 жылғы 14 ақпанда Алматы тауларында қар көшкіні анықталды. Бұл туралы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, 14 ақпан таңғы сағат 8.00-ден түскі 15.00-ге дейін Алматының Кіші өзені бассейнінде өздігінен қар көшкіні болды.

Жалпы көлемі 4 100 текше метр болатын, тоғыз қар көшкіні жүрді. Көшкіндердің басым бөлігі жолдар мен нысандардан алыс аймақтарда болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Мекеменің мәліметінше, аталған аумақта ескерту тақталары алдын ала орнатылған.