Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты.
Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
Қала басшысының айтуынша, 2024 жылы Алматы әкімдігі 22 көшеге, жеті өткелге және Саин, Төле би көшелері мен Райымбек даңғылының қиылысындағы екі жолайырыққа орташа жөндеу жүргізу жоспарда.
Көлік легінің шамадан тыс көп болу мәселесін шешу үшін Төле би көшесін (Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін) ұзартып салу жалғасуда. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған, — деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі 2023 жылы 12 көше орташа жөндеуден, 45 учаскеде техникалық тротуарлар жабдықталғанын атап өтті.