Басты бетЖаңалықтарСәтбаев қаласының...

Сәтбаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір пара алды деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Бұған дейін бірқатар қазақстандық Telegram арналары Сәтбаев қаласының әкімі мердігерден 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталғанын жазған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР қылмыстық кодекстің 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.