Басты бетЖаңалықтарАлматы тауларында...

Алматы тауларында көшкін қаупі әлі де сақталып отыр

Қарқынды жауын-шашынның түсуіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері бойынша көшкін қаупі бары туралы ескерту жасалды.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

13-14 ақпан аралығында «Алматы қаласы–Космостанция» автожолындағы «Аюсай» бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ—Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок-бекеттер қойылды.

Алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды және таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды сұраймыз!, — делінген хабарламада.