Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобайл аударымдар мәселесі қайта қаралатынын айтты.
Мобайл аударымдар қалады, бірақ әлі қараймыз. Жеке кәсіпкерді қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз – құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз, дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болу керек. Демек, бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті, – деді Мәди Тәкиев.
Оның айтуынша, қазір үкімет түрлі режимді қарастырып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін жеке шоттарына ай сайын қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп адамнан мобайл аударым түскен тұлғалар бақылауға алынатыны хабарланған еді.