Басты бетЖаңалықтарЖаңа министрлер...

Жаңа министрлер Қазақстан халқына ант берді

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қаржы министрі Мәди Тәкиев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан халқына ант берді.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным — Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін, — деп ант берді шенеуніктер.

Еске салайық, қайта жасақталған үкіметтің құрамында төрт жаңа министр бар.