«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 12 ақпанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Солтүстік-батыс, солтүстік пен елдің орталығындағы күн райына антицклон ықпал етеді. Соның салдарынан күн ашық болады және ауа температурасы төмендейді.
Қазақстанның өзге аймақтары атмосфералық ағындардың ықпалында болады да, жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қалың қар жауады. Сонымен қатар көктайғақ, тұман болып, боран соғады. Солтүстік пен оңтүстікте жел соғады.

