Ауа райына байланысты қосымша вагондар жолға шығады

Жолаушылар пойызы ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған 400 астам адамды эвакуациялады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясы хабарлады.

8 ақпан күні республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер енгізілген еді.

Осыған байланысты жолаушыларды қала маңындағы электр пойыздары тасымалдады:

  • №7501- Ерейментаудан Астанаға дейін;
  • №327 — Астана мен Бурабай курортынан Көкшетауға дейін;
  • №6830 — Бурабай курортынан Астанаға дейін;
  • №43 — Шоқайдан Астанаға дейін;
  • №45 — Қарағандыдан Астанаға дейін.

9 ақпанда республикалық автотрассалардың жабылуына себеп болған күрделі метеорологиялық жағдайлардың жалғасуына байланысты келесі қосымша жолаушылар пойыздарына 31 вагон тіркелді:

  • Павлодардан Астанаға дейінгі №45 пойыз-алты вагон;
  • Павлодардан Астанаға дейінгі №139 пойыз-төрт вагон;
  • Астанадан Павлодарға дейін №354 пойыз -жеті вагон;
  • Астанадан Петропавлға дейінгі №623 пойыз -10 вагон;
  • Астанадан Павлодарға дейін №45 пойыз -төрт вагон.
  • Жолаушыларға қосымша 1 300 астам орын беріледі.

Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға ауа райы жағдайларын ескере отырып, өз сапарларын жоспарлауды ұсынады. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.