Парламент мәжілісінде бептерде тағу талабы енгізілді. Ал кейбір шара онлайн форматта өткізіледі. Бұл туралы төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
6 ақпан күні президенттің іс басқармасына қарасты медициналық орталықтың бас санитар дәрігері Айгүл Темірғалиева коронавирус инфекциясына байланысты бүгіннен бастап мәжіліс ғимаратында бірқатар шектеу шарасын енгізді. Атап айтқанда, міндетті түрде медициналық бетперде тағып жүру керек. Ал жиналыстар онлайн форматқа ауыстырылады. Ғимаратта қандай да бір шара ұйымдастырылса, маска тағу режимі қатаң сақталуы шарт.
Осыған байланысты мәжілістің баспасөз қызметі мәжілістің жалпы отырысына келетін жураналистерді шектеу шараларын алып тастағанша бетперде киіп келуді сұрады.