«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекенжайы бойынша және «Мұзтау» шағынауданында газ құбырынан ақау анықтады.
Осыған байланысты, 7 ақпанның кешінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрманғазы–Панфилов–Қайырбеков–Төле би көшелерінің алаңында орналасқан 130 көпқабатты үй және 18 жеке сектордағы үйлерді газбен жабдықтауды тоқтатты. Сонымен қатар «Мұзтау» шағынауданында газдан ажырату жұмыстары жүргізілді, — делінген хабарламада.
Газбен жабдықтау бүгін сағат 14.00-ге дейін жалғасады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда авариялық қызметке 104, 253-02-07 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.