Қазақстан темір кені концентраты өндірісін үш есеге арттыруы мүмкін. Бұл туралы Qarmet басшылығымен кездесуде Қаражал қаласындағы «Өркен-Атасу» өкілдігінің директоры Маратбек Бәкенов айтты.
Атасу кен орнында темір және темір-марганец кендерінің қоры бар. 2024 жылы кәсіпорын 800 мың тоннаға жуық темір кені концентратын жөнелтуді жоспарлап отыр, — делінген компания хабарламасында.
Маратбек Бәкеновтің айтуынша, келешекте дұрыс есептеулер жүргізілетін болса, жылына 2,5 миллион тонна, яғни қазіргіден үш есе көп концентрат шығару мүмкіндігі бар.
Ол бүгінде кен орнында 1 100 адам жұмыс істейтінін, оның 540-ы кеншілер екенін атап өтті.
Жалпы алғанда, шахтада тиісті өндіріс немесе байыту ісі әлі жүргізілген жоқ. Демек, кен орнының әлеуеті толық іске асырылмады, — деді Маратбек Бәкенов.
Кәсіпорын басшысы ауыр жұмыстар қолмен жасалатынын айтты.
Ал егер жұмыс өнімділігін арттыруға қажет жаңғыртулар жасайтын болсақ, біз алдағы онжылдықтар бойы комбинатқа жеткізілім көлемін арттыра алар едік, — деді ол.