Басты бетЖаңалықтарҮш облыстағы...

Үш облыстағы жолдардың кей учаскелеріне шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Жамбыл облысында – бір учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін – 79 км.

Қостанай облысында – бір учаске:

«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау облысының шекарасынан Аркалық қаласына дейін – 83 км.

Ұлытау облысында – бір  учаске:

«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау облысынан Қостанай облысының шекарасына дейін – 115 км.

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылды, –  делінген хабарламада.