Басты бетЖаңалықтарСолтүстік Қазақстанда...

Солтүстік Қазақстанда көмір қымбаттады

Солтүстік Қазақстанда көмір қымбаттады. Небәрі бір айдың ішінде өңірдегі қатты отынның құны 12%-ке дейін өскен. 

Бұл туралы Almaty.tv хабарлады. 

Петропавл тұрғыны Нина Рубанова жер үйде жалғыз өзі тұрады. 69 жастағы зейнеткер көмір сатып алудың жыл сайын қиындап бара жатқанын айтты.

Мен көмірді бірден сатып ала алмаймын, алдымен кепілге бір дүниемді беремін, кейін ақша пайда болған кезде толық сомасын өтеймін. Ал қазір баға 19 мың теңгеге дейін көтерілді. Үйімді жылыту үшін 100 мың теңге керек. Тағы 10 мың теңгем көмірді жеткізіп берушілерге кетеді. Алған зейнетақым, тіпті үйімді жылытуға жетпейтін болды, – деді Нина Рубанова.

Көмір мәселесін біржақты етуге бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті енді кіріскен. Қазір жауаптылар көмірді сатумен айналысатын субъектілердің іс-әрекетіне талдау жүргізіп жатыр.

Көмір бағасы кен орындарында сатып алу бағасының өсуіне, сонымен қатар көмірді тасымалдау бойынша шығынның өсуімен тікелей байланысты. Демек теміржол тарифтері мен көмірді тасымалдайтын локоматив қызметі бағасының өсті. Сонымен бірге жылдан жылға еңбекақы төлеудің қоры артып жатыр, сол себепті осының барлығы тиісінше көмір бағасының өсуіне тікелей әсер етті, – деді өңірдегі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті басшысының міндетін атқарушы Аслан Әліпбаев.

Өңірде бір айдың ішінде көмір бағасы 12%-ке дейін артқан. Халық арасында сұранысқа ие Майқұбаның бағасы — 3,3, Қаражыра — 11,3, ал Шұбаркөлдің құны — 11,8%-ке дейін көтерілген. Егер кәсіпкерлердің құнды негізсіз көтергені дәлелденсе, алдымен ескерту, кейін айыппұл салынады. Жауапты мамандар мұндай жағдайда ірі нарық субъектілерінің 5%, ал шағын кәсіпкерліктің 3% табысы тәркіленетінін ескертті.