Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін 2 400-ден астам афтершок тіркелді. Бұл туралы сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы хабарлады.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінен кейін дүмпулердің болуы табиғи құбылыс.
Оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Зілзала ошағы орналасқан аймақтың сейсмикасы, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері әсер етеді. Кейін әлсіреп, қалыпты режимге оралады, — деді сейсмологтар.