Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылғы 24 қаңтарда ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтаған.
«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сонымен қатар бес граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды, — делінген хабарламада.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.