Қазақстанның бірнеше қаласында әуежай салынып жатыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен өткен шағын авиацияны дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте белгілі болды.
Жиналысқа Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, «Жетісу» және «Южное небо» әуекомпанияларының, сонымен қатар Үшарал, Үржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайлардың құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелерін қарауды, сонымен қатар шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды, — делінген хабарламада.