Басты бетЖаңалықтарНазарбаев: Үндістан...

Назарбаев: Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ-на қабылдаймыз

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Оның құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей кіреді. Тағы бірнеше мемлекет, соның ішінде Үндістан, Пәкістан және Иран бақылаушы мәртебесіне ие. Ұйымның Астанадағы саммиті 7-8 маусымда өтеді.

«ШЫҰ-ның халықаралық және аймақтық құрылымдармен әріптестігін кеңейту керек. Бұл ұйымның дамуына ықпал етеді деп есептейміз», — деді Назарбаев.

2016 жылы маусымда ұйымның Ташкентте өткен саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Үндістан мен Пәкістанды Астанадағы саммитте ұйымның толыққанды мүшесі ретінде көргісі келетінін мәлімдеген еді.

ДереккөзCentralasian.org