Басты бетЖаңалықтарАлматыда зілзаланы...

Алматыда зілзаланы ерте хабарлайтын жүйе сынақтан өтіп жатыр

Алматыда күшті жер сілкінісі туралы автоматтандырылған ерте хабарлау жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.

ТЖД мәліметінше, 2023 жылдың соңында автоматтандырылған ерте хабарлау жүйесі бар 28 сейсмостанцияның құрылысы аяқталған.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асты: 2022 жылы — 11, 2023 жылы — 17 сейсмостанция салынды.

Қазіргі уақытта жүйе тәжірибелік пайдалануға қабылданды, шетелдік тәжірибе бойынша апробация кезеңі мен сынақтан өтіп жатыр. Жүйенің сынақтан өту мерзімі шамамен алғашқы жартыжылдықтың соңына дейін жалғасады, — делінген хабарламада.