Respublica партиясынан мәжіліске депутат болып сайланған Динара Шүкіжанова өз еркімен қызметінен кетті.
Мәжілістің жалпы отырысында Динара Шүкіжанованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды. Бұған дейін депутаттың өтінішіне байланысты орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарған болатын.
Мәжіліс депутаттары қаулыны қолдап дауыс берді.
Динара Шүкіжанова мәжілістен өз еркімен кетіп жатқанын мәлімдеді.
Мен партия құрамында қала беремін. Өз қызметімді жалғастырамын, халықпен кездесіп, өңірлерде жұмыс істеймін. Біз алғашында партиялық тізім аясында ротация болатынына келіскенбіз. Менің мәжіліс депутаты қызметіне кіріскеніме де бір жылға жуық уақыт болды. Ал қазір маған өндіріске оралу керек болып тұр. Менің орныма Respublica партиясының мүддесін лайықты қорғайтын адам келеді деп ойлаймын, — деді Динара Шүкіжанова мәжіліс кулуарында.
Динара Шүкіжанова Respublica партиясының тең төрағасы.
2023 жылғы наурыздан бастап парламент мәжілісінің депутаты болды.