Депутат Қанат Мусин жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы енгізілетінін мәлімдеді.
«Біз заңнамада тыйым салынған жолдың қарама-қарсы жолағына шығу туралы норманы күшейтейік деп шештік. Бұл ретте қарама-қарсы жолаққа шығып бұрылыс жасау да жүргізуші куәлігінен айыруға алып келеді», — деді депутат.
Сондай-ақ, ол мотошлем кию мәселесіне де тоқталып өтті.
«Заңда мотоциклмен жүріп келе жатқанда жүргізушіде, жолаушыда мотошлемді киюін міндеттеу туралы талап енгізіледі», — деді депутаты.
Қанат Мусиннің айтуы бойынша, бұған дейін аталған норма жол қозғалысы ережесінде ғана болған. Ендігі уақытта ол заңға енгізіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда қайта емтихан тапсыру жойылатындығы хабарланды. Сонымен қатар Қазақстанда елімізде көліктің әдемі мемлекеттік нөмірлер тізімі кеңейтілмек. Номерлерге сандық және әріптестік жаңа тіркестер қосылады.