Жүргізуші куәлігін алу тәртібі тағы өзгереді

Азаматтарға жүргізуші куәлігін алу үшін жол ережелерін үйде оқуға рұқсат берілгелі жағдай нашарлап кетті. Көлік апаты көбейген. Соңғы 8 айда өз бетінше білім алған 3 мыңға жуық үміткердің тек 20 пайызы ғана емтиханды сәтті тапсырыпты», — дейді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Арнайы автомектептерді бітірген 500 мың адамның тең жартысы сынақтан сүрінбей өтіп, тиісті куәлік алған. Алдағы уақытта азаматтар міндетті түрде автомектептерде оқуы тиіс болады. Сондай-ақ, халық қалаулылары жүргізушілерге көлікті тоқтатқан полицейдің әрекетін видеоға түсіруге де заңмен рұқсат етпек.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі өткен жылы тұрғындарға ешқандай курсқа бармай-ақ, өз бетімен оқуға рұқсат берген болатын. Яғни, жол ережесін жаттап алған соң азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алатын.

ДереккөзKtk.kz