Президент қауіпсіздік кеңесі бөлімінің меңгерушісін тағайындады

Марат Аймашев қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген өкімде.