Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қаржы...

Қазақстанда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Деректі ҚМА аумақтық департаменті тергеді.

Бұл туралы ҚМА хабарлады.

2022 жылғы наурызда Д.И. Дәулетов, А.Т. Жанасаевтың жетекшілігімен құрамында К.А. Құдасов, О. Б. Жайлаубай және басқа да тұлғалар бар қылмыстық топ «Аuto Seller» ЖШС деген атпен автокөлік құралдарын жоғары бағада сатып алып, төмен бағада сатумен айналысатын қызметті бүркемелеп, қаржы пирамидасын құрған.

«Аuto Seller» ЖШС басшылары автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) екі-үш ай ішінде тең бөліктермен төлей отырып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20%-ке қымбат сатып алуды ұсынған. Осыдан кейін бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұлғаларға ақшалай қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды, — делінген хабарламада.

Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 миллион теңге болған.

Сот Д.И. Дәулетовты тоғыз жылға, А.Т. Жанасаевты сегіз жылға, К.А. Құдасовты жеті жылға және О.Б. Жайлаубайды жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, — делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.