Кейбір ел Ескі жаңа жылға мән бермесе, енді басқасы бұл күнді мерекелік көңіл-күймен қарсы алады. Сөйтіп, 13 қаңтардан 14-не қараған түні Ескі жаңа жылды тойлайды. Олардың қатарында Грекия, Тунис, Алжир, Сербия, Черногория, Румыния мен Марокко, Швейцария, тіпті Жапония бар. Бұл мерекенің ауқымы Жаңа жылға қарағанда шағын болса да, бұл елдер дәстүр деп әспеттейді.
Ескі жаңа жылды шет елдер қалай тойлайды?
Мысалы, гректер Ескі жаңа жылда жанжалдаспауға тырысады. Шағылған ыдыс жаман ырым саналатындықтан, ыдыс-аяқты аса абай және ұқыпты қолдануға тырысады. Грекия тұрғындары үшін бұл мереке – байлық пен бақуаттылықтың нышаны.
Румыния елі Ескі жаңа жылды «жақсылық нышаны» қосылған бәліштерімен қарсы алады. Бәліштің ішінен тиын, сақина, ащы немесе тәтті бұрыш тауып алуға болады. Мұндай олжаның әрқайсының мағынасы мен болашаққа болжамы бар.
Ал Швейцарияда Ескі Жаңа жыл Әулие Сильвестр күнімен сай келеді. Тұрғындар күлкілі маскарадтық костюмдерін киіп, карнавалдық шерулер ұйымдастырады.
Алжирдегі мереке біздікімен айтарлықтай сай келетін бербер күнтізбесі бойынша өтеді. Думандатып тойламаса да, күнделікті тағамдардан қойылған мол кешкі ас әзірленеді. Бұл елдегі мерекенің «айрықшалығы» — балаларға сыйлық тарату. Оларға кәмпит, құрма мен жаңғақ, шығыс тәттілері шашу болып шашылады.
Әр елдің өз дәстүрі бар екеніне қарамастан, Ескі Жаңа жылды атап ететін барша елді біріктіретін бір дүние бар. Ол — мол дастархан. Қазақстан да жақындары мен достары үшін дастархан жаюды ұнататындықтан, Ескі Жаңа жылды қарсы алу біздің елімізде де дәстүрге айналған.
Бірақ әйелдер «Мереке дастарханына енді не пісірсем екен?» деп басы қатады. Сондықтан ас пісіретін авторлардың Tik-Tok-тағы аспаздық контентін ұсынамыз.
Шабыт іздеу
Диана Амидованың парақшасынан пайдалы әрі тәжірибелік рецептілерді ғана тауып қана қоймайсыз. Автор ас пісіру процесін нағыз өнер туындысы ретінде ұсынуға тырысатындықтан, роликтерден эстетикалық ләззат аласыз. Мерекелік дастархан идеясы ретінде картоппен бірге пеште пісірілетін қой етінің антрекоты мәзіріне назар аударыңыз. Әзірлеуі қарапайым болғанына қарамастан, жаңажылдық дастарханның басты тағамы бола алады. Ал шаймен ішуге түрік десертін дайындауға болады.
Мерекелік дастархан әсемдігі
Тағы бір аспаздық контент креаторы – Гүлжанат Нұрышева. Оның парақшасынан қызық рецептілермен қоса, қарапайым тамақтануды мерекеге айналдыра алатын дастарханды сәндеу идеяларын таба аласыз. Мерекелік дастарханға жаңа дәм қосқыңыз келсе, қонақтарды суши салатымен таңғалдыруға болады. Ал жаңажылдық дастархан оливьесіз немесе майшабақ қосылған салатсыз өтпейді дейтіндерге Гүлжанат рецептілердің ұсыну жолдарын түрлендірді.
Достарға арналған аз мәзірі
Ромаль парақшасына өзі бірінші рет пісірген асты жариялап отырады. Ол роликтерінде рецептілеріндегі ерекше тәсілді біріктіріп қана қоймай, оған тән авторлық тартымдылығын да ұсынуға тырысады. Ескі Жаңа жылды достарыңызбен қарсы алсаңыз, Ромаль пісірген дәмді тауық қанаттары мен ірімшік қосылған корндогтар әзірлеуді ұсынамыз. Аяз атаға дәмді күлше ұсынғыңыз келсе, оның мәзірін де креатор парақшасынан таба аласыз.
Құпия қоспалары бар эксперименттер
«Руссокитчен» парақшасымен танымал аккаунттан дәстүрлі қазақша рецептілерді де, жылдам дайындалатын тағам идеяларын да, мейрамханада әзірленетін күрделі тамақтарды да таба аласыз. Қонағын жеңсік аспен таңғалдырғысы келетіндерге сиырдың жақ еті мәзірін ұсынамыз. Жаңажылдық мерекеге орай құпия ингридиент ретінде ысталған скумбрия қосуды ұсынатын авторлық «Ш.У.Б.А.» салатын да көрсете кетейік.
Кез келгеннің талғамына сай мәзір
Әлібек Пардаев дайындайтын мәзірге миллиондаған аудитория ғашық. Оның тағамдарының ерекшелігі – қалта көтеретін қоспалардан жылдам әрі қарапайым түрде әзірлеуге болатынында. Креатор сынап көруден және кейде авторлық шедевр жасаудан қорықпайды. Әлібектің ас дайындаудағы әртүрлігі мен әсемдеу әдісі тамақ пісіруді үйреніп жүргендерді ғана емес, кәсіби аспаздарды да елең еткізеді. Мерекелік дастарханға келсек, қозы етін, бал тұздығындағы балапан мен керемет теңіз көксеркесі тіскебасарын ұсынамыз. Осылай, Әлібектің видео-рецептілерімен ет, құс және балық тағамдарын ұнататындардың көңілінен шыға аласыз.
Ескі Жаңа жылды дәмді әрі көңілді қарсы алыңыз!