Бас прокуратура елімізде қылмыс санының төмендегенін мәлімдеді.
Қазақстанда қылмыстың 11%-ке (152 472-140 272) төмендеуі байқалып жатыр. Оның ішінде ауыр қылмыстар 14,9 (44 106-37 548); ауырлығы орташа қылмыстар 12,6 (67 340 — 58 874); онша ауыр емес қылмыстар 4%-ке (22 741 — 21 826) қысқарды. Аса ауыр қылмыстар 15,7%-ке (2 241-2 593) өсті. Тергеуді қадағалау аясында прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты, — делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметінше, 824 адам прокурорлар тарапынан қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7%-ке (578-ден 447-ге) қысқарды. 97 тұлға сотпен ақталды.