Басты бетЖаңалықтарАстанада бастауыш...

Астанада бастауыш класс оқушылары қашықтан оқиды

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын бастауыш класс оқушылары мектепке бармайды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Ауа райының нашарлауына байланысты 8 қаңтар күні екінші ауысымдағы 0-4-класс оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, — делінген хабарламада.

Қала көшелерінде таңнан бері 1 700-ден астам арнайы техника мен 2 500-ге тарта жұмысшы жұмыс істеп жүр.

Синоптиктердің мәліметінше, 8 қаңтар Астанада қатты қар жауады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус суық.