Астанада құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Астананың қадағалау органы 10 көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша құрылыс салушыларға қатысты жеті қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда.

Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған. Жеті адамға, соның ішінде құрылыс компанияларының үш басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды.

Ол 5 миллиард теңгеден асатын залал келтірді деген күдікке ілінді.

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды, — делінген хабарламада.