Алматы зообағына Мәскеуден ақ аю әкелінді

Алматы зообағына Мәскеу хайуанаттар бағынан ақ аю жеткізілді. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Пурга есімді ақ аю 2017 жылы туған. Ол Мәскеу хайуанаттар бағынан жеткізілген.

Бұл ерекше жануарды өзімізге алу үшін алдымен үлкен дайындық жұмыстары атқарылды. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынды. Еуро-Азиялық аймақтық зообақтар мен аквариумдар ассоциациясының (ЕАРАЗА) келісімін алып, содан кейін ғана аю зообағымызға орналастырылды. Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарға қатысты, — делінген хабарламада.

аю
Фото: Алматы зообағы