Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 40-орында тұрған 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен ойнады.
Бірінші партияны қазақстандық спортшы қарқынды бастады — 3:0. Сол басымдылығынан сет біткенше айырылған жоқ — 6:3. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді — 6:2.

Елена Рыбакина финалда қос белоруссиялық, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко немесе рейтиңде 23-сатыда тұрған Виктория Азаренконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.