Басты бетЖаңалықтарАстанада адам...

Астанада адам ұрлаған алаяқтар ұсталды

Астана бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Әшімов, А.Алексеев, Н.Шаймарданов және А.Бапановтың қылмысын әшкереледі.

Бұл туралы Антикор хабарлады.

Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сонымен қатар 1,4 миллион теңгеден астам сома мүлкін иемденген. Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Адам ұрлаған алаяқтар тобы ұсталды
Фото: Антикор

Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.