Басты бетЖаңалықтарҚазақстан халқының...

Қазақстан халқының саны 20 014 575 адам болды

2023 жылғы 1 желтоқсанда халық саны 20 014 575 адам болды. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты. Оның ішінде табиғи өсім есебінен — 239 422 адамға, көші-қон есебінен — 8 346 адамға өсті.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сонымен қатар Маңғыстау облысында тіркелді — 2,40%.