Алматы мәслихатының кезекті сессиясы барысында депутаттар қаланың дизайн-кодын бекітті.
Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, шаһардың дизайн-коды — бұл өмір сүруге қолайлы үйлесімді мегаполис құру үшін қалалық ортаны қалыптастыру жөніндегі ережелер мен қағидаттардың жиынтығы.
Біздің алдымызда екі міндет тұр – Алматының танымал тарихи келбетін сақтау және әлемдік тенденцияларды ескере отырып, мегаполистің болашақ бейнесін дамыту, – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.
Сонымен қатар ол бұл құжат осы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуге арналғанын атап өтті.
Дизайн-код кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Жаңа нысандар үшін ұсыныстар мен талаптардың толық көлемі қолданылады.
Дизайн-кодтың бөлек сервис-сайты әзірленді. Бұл ақпарат, ресурстар жинауға және білім алмасуға арналған орталық алаң. Сонымен қатар аталған сайт дизайн-кодты енгізу барысында диалог алаңы ретінде қолданылатын болады. Дизайн-кодты әзірлеу кезінде барлық нормативтік-құқықтық талаптар орындалды, — деді ол.