ТЖМ мерекелік шыршаларды орнату кезінде қандай ережелерді ескеру керек екенін еске салды.
Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Жаңажылдық шыршаларды орнату кезінде ережелерді елемеуге болмайды. Шыршаны орнату кезінде келесі іс-шараларды ескеру қажет:
- шыршаны жылыту құрылғыларынан алыс, тұрақты тірекке орнатыңыз;
- шыршаны жарықтандыру үшін тек зауытта жасалған жарамды электр гирляндаларын пайдалану қажет;
- гирляндты қосқан кезде сымның зақымдалмағанына, шамдар жанып тұрғанына және розеткадағы штекер ұшқын шығармайтынына және қызбайтынына көз жеткізіңіз;
- шыршаны шығаберіске, дәліздерге орнатпаңыз;
- балаларды шыршалардың жанында қараусыз қалдырмаңыз.
Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.