Басты бетЖаңалықтарАстана мен 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана мен 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

24 желтоқсанда Алматы, Астана, Риддер, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Көкшетау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.