Басты бетЖаңалықтарҚайрат Сатыбалдыұлы...

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы 55,4 миллиард теңге қайтарды

Қайрат Сатыбалдыұлының активтері мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

Тек биылғы желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 миллион АҚШ долларына, яғни 55,4 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті, — делінген хабарламада.

Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілгені айтылды.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кейінгі екі жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 миллиард теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті. Олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.